Елбасы АҚШ-та бірнеше кездесулерге қатысты

Фотография - Елбасы АҚШ-та бірнеше кездесулерге қатысты

фото: akorda.kz

Кездесу барыснда Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

193 0

Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, "Gap" компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты. Бұл туралы Ақорданың реи сайты хабарлайды.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, олармен  Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туғанына ризашылық білдірді.

Карнеги қоры – әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту басты міндеті болып жарияланған коммерциялық емес жекеменшік ұйым. 1910 жылы құрылған Қор халықаралық саясат саласындағы ірі сараптау-талдау орталығының бірі болып саналады. 

***

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті кездесу барысында Г.Головкинді "ЭКСПО-2017" елшісі мәртбесіне ие болуымен құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Г.Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!