4102

Үкімет жылжымайтын мүлік сатудағы 10 пайыздық салық жайын түсідіріп берді

Бір жылдан астам иелікте болған мүлікті сатқанда салық төлеу міндеті болмайды
Фотография - Үкімет жылжымайтын мүлік сатудағы 10 пайыздық салық жайын түсідіріп берді

Мемлекеттік кіріс департаментінде 2017 жылдан бастап қазақстандықтардан қанша жыл иелік еткеніне қарамастан жылжымайтын мүлік сатқаны үшін 10 пайыздық салық алынады деген БАҚ бетінде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Мұның алдында мұндай салық, сатылатын баспананы бір жылдан кем иеленген тұлғалардан ғана алынатын, деп жазады Today.kz.

Үкіметтің нақтылауынша, 2015 жылдың 18 қарашасындағы № 412-V  "Жеке тұлғалардың мүлкі мен кірісін декларациялау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кей заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтыраулар енгізу туралы" ҚР заңы бойынша, Салық кодексінің 6-шы "Жеке кіріс салығы" бөлімінің құрылымы өзгерген.

Өзгеріске сай "жекеменшік құқығын тіркеу мерзімінен бір жыл аз уақытта" сөздері алынып тасталды.

Алайда, айта кету керек Салық кодексінің 156-бабына сай жеке тұлға салықтан босатылады.

Яғни, бір жылдан астам иелікте болған баспананы сатқан кезде салық төлеу міндеті туындамайды. Дегенмен, мұндай кіріс соммасы 2017 жылғы міндеттемеге сай кіріс декларациясында көрсетілуі керек.