Қазақстанға шетелден келетін сүт өнімдерінің сапасы нашар

Фотография - Қазақстанға шетелден келетін сүт өнімдерінің сапасы нашар

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет сауда сөрелерін саралап, тауарларды тексеріп осындай хабар таратты.

355 0

Елімізге Ресей, Франция, Беларусь және Украинадан әкелінген импорттық өнімдердің сапасы нашар. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет сауда сөрелерін саралап, тауарларды тексеріп осындай хабар таратты.

 Яғни импорттық сүт, ірімшік, май және йогурт сынды өнімдер өсімдік майымен әзірленген. Бұл аз десеңіз, құрамынан каприл, линол, капон сынды химиялық қышқылдар да анықталған. Осылайша шетелдік өндірушілер тиісті техникалық талапты бұза отырып, сапасыз тауарларын елімізге тасымалдап келген. Енді олардың өнімдері түгелдей тәркіленеді. Айта кетейік, сапасыз тауарлардың атауы мен тізімін Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет ресми сайтында жариялады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!