Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мен тұман түседі

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мен тұман түседі

None

97 0

2 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, тек онтүстік-батыста ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

азгидрометтің хабарлауынша, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі күтіледі, жылдамдығы 15-22 м/с.-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің 15-20 м/с. күшеюі ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, түнде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Ақтөбе, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!