Бүгін Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 23 жыл толды

Фотография - Бүгін Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 23 жыл толды

1993 жылдың 2 сәуірінде Елбасы "ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойған болатын

226 0

1993 жылдың 2 сәуірінде Елбасы "ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Сол уақыттан бері көп нәрсе өзгерді. Қазақстандық флоттың жарақтандыруында техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған отандық өндірістің жаңа зымыран-артиллериялық корабльдері пайда болды. ӘТК-дегі әскери қызметшілердің саны ұлғайды, оларды оқыту және жауынгерлік даярлау сапасы арттырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты.

"1993 жылдан бастап 1996 жыл аралығында Әскери-теңіз күштері алғаш рет құрылды. Ол кезде бастапқы дамыды, алайда, нәтижесінде ӘТК-нің барлық бөлімдерін Ұлттық қауіпсіз комитетінің шекара қызметі жүйесіне беру туралы шешім қабылданды. ӘТК ауқымында тапсырмаларды орындау үшін жағалық күзет жеткілікті болып саналатын. Уақыт өтіп, менің ойымша атаулы күн болып саналатын 2003 жылдың 7 мамырында Әскери-теңіз күштерінің ҚР Қарулы Күштері түрінің мәртебесін алуы туралы қайта шешім қабылданды. Сондықтан біз ӘТК-нің екі туылған күні бар деп үнемі айтып жүреміз. Ол: 1993 жылғы 2 сәуір және 2003 жылғы 7 мамыр", - деді ҚР ҚК ӘТК-нің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Қызметтің соңғы жоғары көрсеткіштерінің бірі 2014 және 2015 жылдары ӘТК Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер түрлерінің арасында бірінші орын алғаны, жауынгерлік даярлық деңгейінің артқаны болып табылады.

 Егер алғаш құрылуы кезінде Қазақстанның әскери теңізшілері жылына теңізде 10-20 тәулік болса, қазіргі кезде 150-160 тәулік болады. Кадрларды даярлау деңгейі жақсара түсті, біз мамандарымызды сапалы білім беретін оқу орындарына жібереміз. Қазіргі кезде әскери теңізшілер Ресей Федерациясында, Түркияда, Германияда, Қытайда, Оңтүстік Кореяда білім алып жатыр. Қазақстанда келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер дайындалатын Ақтау және Орал қалаларындағы екі университетте әскери кафедра және ӘТК-нің оқу-жаттығу орталығы жұмыстарын жүзеге асырып отыр.

 Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК-нің жарақтандыруында заманауи зымыран-артиллериялық корабльдер, шағын күзет кемелері мен катерлер тұр. Жақын арада осы арсеналды толықтыра түсетін «Алатау» су жаңа мина-тартқыш кораблінің келіп түсуі күтілуде. Оның іске қосылуы қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!