Сәуле Айтпаева: Педофилдер базасында 1200-ден астам есім бар

Фотография - Сәуле Айтпаева: Педофилдер базасында 1200-ден астам есім бар

Фото: ©Арман Мухатов

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетнің төрайымы Сәуле Айтпаева Today.kz порталына сұхбат берді

1331 0

Жуырда қазақстандықтар педофилдердің түрін танитын болады. Қазақстанда балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қарсы қылмыстары үшін жазаларын өтеп шыққандардың базасы бар ақпараттық ресурс іске қосылады. Осы жөнінде, ҚСжАЕК жұмысы жайлы және осы қысқартылған сөздің астарында кім және не бар екені туралы Комитет төрайымы, Қазақстандағы бірінші (бүгінгі таңдағы жалғыз) әйел-генерал Сәуле Айтпаева айтып берді.    

- Қазақстандықтар статистикаға сенбеуге үйреніп алған. Сіз әріптестеріңіз өңдейтін деректердің сенімділігіне кепіл бола аласыз ба? Бұл сандардың ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?

-  Комитеттің ақпараттық жүйелеріне түсетін және қолда бар мәліметтер арасында логикалық тексерістер көзделген, ҚСжАЕК қызметкерлері барлық көрсеткіштер бойынша ұдайы мониторингтер, салыстырып тексеру жұмыстарын, тексерістер жүргізіп тұрады.

- Яғни, олар статистика мамандары емес, барлық тиісті өкілеттіліктері бар прокурорлар ғой?

-  Комитет қызметкерлері – құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті прокурорлар. Олар прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, қадағалау өкілеттіліктері бар және статдеректер бұрмаланған, жалған мәліметтер енгізілген жағдайда, прокурорлық қадағалау шараларын қабылдайды. Ұсынымдар енгізеді, тексерістер жүргізуге бастамашылық етеді, тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселелер қояды. Жаза жеткілікті дәрежеде салмақты – айыппұлдан бастап бес жыл мерзіміне дейін белгілі бір лауазымдар атқару  немесе  белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін түрмеге қамау.

Оның үстіне, енгізілген технологиялардың арқасында ақпараттың бұрмалануы орын алмайды. Азаматтан түскен кез келген арыз немесе құқық қорғау органдары анықтаған факті бірден Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеледі. Комитеттің ақпараттық сервисі арқылы іс СДТБТ-де тікелген сәттен бастап істің барысын қадағалауға болады: қандай шаралар қабылдануда, кімнің өндірісінде және тағы сол сияқты. Бұл үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба болса және талонның тіркеу нөмірін білсе болды.

 Фото -

- СДТБТ – биылғы жылдың жаңалығы. Бұрын, демек, барлығы мұндай қолжетіміді болмағаны ғой?

- Жалпы прокуратура органдары мен құқық қорғау органдарындағы ауқымды автоматтандыру 2010 жылдан басталған. 2010-2011 жылдар – бұл есепке алу карталарын енгізудің басталған кезеңі. Сол кезде тек екі аптаға кешігіп барлығын онлайн бақылап отыруға болушы еді, себебі деректерді өңдеуге сонша уақыт кететін еді. Қазір ақпарат дәл сол күні қолжетімді. 

Енді азаматтың өзі қандай да бір арыздар бойынша қабылданатын шаралардың заңдылығын, сондай-ақ  тексерістердің негізділігін бақылайды. Оған ҚСжАЕК ақпараттық сервисі қызмет етеді, онда 11 бағыт бойынша, оның ішінде қылмыстық істер туралы арыздарды бақылау, тексерістер картасы, айыппұлдар бойынша мәліметтер жөнінде жан-жақты ақпарат алуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына арыздар беруге болады.  

- Геоақпараттық жүйелер де бар. Олардың ішінде бұрын "Қылмыстылық картасы" деп аталған, кейін жетілдірілген жүйе -  Қылмыстық құқық бұзу картасы. Жаңғыртылған өнім қалай жұмыс істейді? Іркіліссіз жұмыс істеп жатыр ма?

- "Қылмыстық құқық бұзу картасы" ұлттық интернет-порталын құру Ұлт жоспарында  көзделген. Оның негізі ҚСжАЕК сервисі болмақ. Егер қазір ол Астананы, Алматыны, барлық облыс орталықтары мен 20 шағын қаланы қамтыса, онда жақын уақытта Картаға Қазақстанның барлық елді мекендері енгізіледі. Сервисте қылмыстар мен оқиғалар туралы, оның ішінде олар жасалған орындар, тіпті көшелер мен үйге дейін қамтылатын болады.

- Яғни, мен шынайы уақытта өз үйімнің маңында қандай қылмыстар жасалып жатқанын бақылай аламын ба?

- Иә. Олардың санын, құрылымын, ҚК баптары бойынша саралануын біле аласыз, сондай-ақ кезеңін өзіңіз анықтай аласыз – ол үшін сайтта күнтізбе бар. Картаның деректеріне сүйене отырып, балабақша немесе мектеп, жаңа тұрғын-үй таңдауға болады. Айтпақшы, риэлторлар оны белсенді түрде қолданады. 2011 жылы Қылмыстылық картасы енгізілген кезде, "Хан Шатыр" СОО-да көп мөлшерде ұрлықтар болатындығы белгілі болды. Бұл орталық әкімшілігінің оның барлық жеріне бейнекамералар орнатуына түрткі болды.

Фото -

- Гаджеттерге "Картаны" қосуға бола ма?

- PravStat.kz  қосымшасы  App Store және Play Market-те қолжетімді. Радиусы мен кезеңін бере аласыз, сонда сіздің телефоныңызға, мысалы, осы жерде түнде жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат түсетін болады.

Қылмыстық құқық бұзу картасының мақсаты, халыққа ақпарат беруден басқа, құқық қорғау органдары мен әкімдіктерге көмек көрсетуде жатыр. Бұлардың бәрін қоспағанда, ол бұған бәрінен де қатты мұқтаж аудандарда жеке құрам мен техқұралдардың орналасу қажеттілігін көрсетеді. Картаның деректері күзеттер мен нарядтарды бөлуге көмек көрсетеді, сондай-ақ олар бейнекамералар мен жарықтандыру аспаптарын орнату мәселесінде қызмет етеді.

- Жасалып жатқан педофилдердің дерекқорларына құқық қорғаушылар да, тұрғындар да үлкен үміт артып отыр. Бұның барлығы қандай сатыда? Және ол қалай жұмыс істейтін болады?

- Педофилдерді немесе кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдардың есебі заңнама тұрғысында енгізілді. Бұл қазақстандық ноу-хау емес. Әлемдік тәжірибе бар және тәжірибе осындай шараның қажеттілігін көрсетіп отыр.

Базада жоғарыда аталған қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдардың деректері сақталатын болады. Ең ерте кезеңді көрсететін мерзімдер 1991 жылдардан басталады. Қазіргі уақытта базада 1 200-ден астам есім бар. Қазір деректерді егжей-тегжейлі салыстырып тексеру, әсіресе, осы адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша салыстырып тексеру жүргізілуде. Бұл жерде, өзіңіз түсінесіз, қателеспеудің маңызы зор. Педофилдің фотосын шығарып қоямыз, ол, мәселен, Астана қаласының Алматы ауданында тұрады деп көрсетеміз, - осы маңда тұратындардың барлығы қорқынышта өмір сүретін болады; кейін бұл адамның мүлде басқа қалада тұратындығы белгілі болады. Сондықтан да педофилдердің көші-қон мәселесі  өзекті.      

Бұл жұмыс жүргізілуде, бірінші жартыжылдықта аяқталады деп күтілуде. База сондай-ақ, басқа сервистер секілді, service.pravstat.kz сайтында болады. Ол бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін брифинг өткізіліп, түсінік берілетін болады.

 Фото -

- Онда педофилдердің тегі, аты, әкесінің аты, олардың фотосуреттері, құжаттамалары бола ма? Адамдардың жеке деректерін кеңінен таратудың заңдылығы туралы мәселе қалай реттелген? 

- Өте дұрыс айтасыз. Бас прокуратура ҚСжАЕК арқылы азаматтардың қылмыскерлерді түрі арқылы білуіне қол жеткізуге ұмтылатын болады. Біздің ресурсымыз дерекқор арқылы  интернетте жалпыға қолжетімді болады, оларды сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылықты баспа басылымдары арқылы хабардар ету үшін өз материалдарында пайдалана алады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы №419-V Заңмен "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңға Комитеттің құзыретін кеңейту және арнайы есепке алудың түрін енгізу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілді және ол былай аталады: "кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар". Осы заңмен Комитетке осы мәліметтерді жариялау бойынша өкілеттіліктер берілді. Оның неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібі ҚР Бас Прокурорының 31.12.2015 жылғы №169 арнайы бұйрығымен реттелген.

Бұнда ешқандай құпия болмауы тиіс. Біз, ең алдымен, ұлттың болашағы туралы, балаларымыз жайлы ойлауымыз керек.

 Фото -

- Қазақстандағы орташа статистикалық қылмыскердің және оның құрбанының портретін суреттеп берсеңіз.

- Көп жағдайда жеке мүлікті ұрлау қылмыстары жасалады. Қылмыскер – еркек, ҚР азаматы, сырттан келген емес, жасы 21-29 аралығында, орта немесе орта арнаулы білімі бар, әдетте, жұмыссыз. Бұл туралы уәкілетті органдар, оның ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі біледі және тиісті шаралар қолданады, бұл – жастарды жұмыспен қамту және еңбекке орналастыру бағдарламалары. Ұрлық жасаған әйелдердің саны әлдеқайда аз. Олардың жасы үлкен, 35-40 жас аралығы. Олардың құрбандарына келер болсақ, олар түрлі санаттағы адамдар, түрлі әлеуметтік топқа жатады. Көбінесе ұрлықтар қоғамдық көлікте немесе тиісті деңгейде қорғау құралдарымен жарақталмаған тұрғын үйде орын алады. 

- Комитеттің соңғы бес жылдағы үлкен бес жетістігін атасаңыз. 

- Адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру мерзімі жеті күннен бастап 10 минутқа дейін қысқарды (үш күн – қосымша тексеріс жүргізілген жағдайда).

"Шектеу" борышкерлер дерекқорын енгізу арқылы қоғамның өзінің мемлекет алдында берешегін орындау бойынша құқықтық тәртібі артты, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 60 пайыз деңгейіне жетті. Ал 2010 жылы барлық айыппұлдардың  үштен бір бөлігі ғана өндірілген болатын.

Қылмыстарды тікеу, сондай-ақ есептілік беру процесі автоматтандырылды, барлығы қазір электрондық түрде жасалады. Есептердің қағазбастылығы жоқ. Барлығы, оның ішінде органдар мен Комитет арасындағы деректер алмасу электрондық түрде жасалады. Тез әрі тиімді.

Кәсіпкерлерге тексерістер жүргізу ретке келтірілді, оларды негізсіз ревизиялардан қорғау жүйесі тиімді жұмыс істейді. Прокурорлар тексерістер тағайындау үшін негіздерді егжей-тегжейлі зерделейді және егер заңды талаптар бұзылған болса, бас тартады.


Кері байланыстағы электрондық жүйелер –  "Бизнес тiрегi", "Айқын" порталдары, құқық қорғау органдарына берілген арыздарды тексеру жөніндегі портал әзірленді. Әрбір кәсіпкер, қатардағы азамат, арызданушы ҚСжАЕК сайтында оған қатысты кез келген құқықтық ақпаратты ала алады. Сондай-ақ бұл жерде іздеудегі алиментшілер мен қылмыскерлер туралы деректер жарияланады.

Бұл тек біз соңғы уақытта істеген жұмыстардың аз ғана бөлігі.

Фото -

- Кез келген өзге әйел, бәлкім, мұның жартысын да істей алмас еді. Сондықтан да сіз генералсыз! Нәзік жандылар жайлы сөз қозғаған екенбіз, сырыңызбен бөлісе отырыңыз: таңертеңгілік осылай әдемі де көрікті болуға қалай үлгересіз? Сұлулық салондарына жиі барасыз ба?

- Күнде салонға бармаймын. Екі аптада, айына бір рет. Ол жұмыс кестесі мен іссапарларға байланысты. Сыртқы бейнеме келгенде әрқашан ұқыптылық пен қарапайымдылықты ұстанам.

Бізді үйде түсінсе, соған бақыттымыз: жұмыстан кеш қайтқанымызға, жиі іссапарларға шығатынымызға кешірімммен қарайды. Балаларым мен немерелерім менімен бірге тұрады, кешіккен кездерімде тамақты өздері дайындайды.

-Ал өзіңіз соңғы рет қашан тамақ дайындадыңыз?

-Алдыңғы күні.

- "Жексенбіде мен үйдемін, туғандарыммен біргемін, телефонымды сөндіріп қоямын" деген секілді қандай да бір қағида бар ма?

- Біздің қызметімізде дәл осындай қатып қалған қағиданың болуы мүмкін емес. Егер мүмкіндік болса, әрине, демалыс күндерін отбасыммен бірге өткіземін. Телефонымды да өшірмеймін. Түнде ол әрқашан жанымда.

Қасымдағы адамдарға алғысым шексіз. Түсінгендері мен қолдағандары үшін рахмет. Барша жанға сүйікті болуды және оларға адамдардың түсіністікпен қарағанын  тілеймін.

- Сұхбатыңыз үшін сізге көп рахмет. Сізге үлкен жетістіктер тілеймін!

- Сізге рахмет.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!