Қ.Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен кездесті

Фотография - Қ.Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен кездесті

Кездесудің мақсаты – Венециялық комиссияға сараптамаға алдын ала жолданған Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын талқылау

69 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен кездесті, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының ресми сайты.

Кездесудің мақсаты – Венециялық комиссияға сараптамаға алдын ала жолданған Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын (бұдан әрі - Кодекс) талқылау.

Қайрат Мәми Кездесудегі кіріспе сөзінде: "Венециялық комиссия бірнеше рет Қазақстан үшін өте маңызды құжаттарға сараптамалық талдау жасаған болатын. 2011 жылы ЕҚЫҰ ААҚДИБ мен Венециялық комиссия "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңы бойынша бірлескен қорытынды әзірленген болатын. Біздің сіздердің қатысуларыңызбен сот секторында қажетті өзгерістерге қол жеткізгеніміз маңызды. Сіздердің Әдеп кодексі жобасы бойынша берген ұсынымдарыңыз біз үшін маңызды болатынына сенім білдіремін".

Кездесу барысында Қ.Мәми шетелдік сарапшыларды еліміздің Президенті Н.Назарбаев жариялаған "100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалармен таныстырып өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар Кодекс жобасы мен сот жұмысының басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуді қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Венециялық комиссия сарапшыларын жаңа Кодекс жобасына жүргізіп жатқан сараптамасы үшін алғысын білдірді.

Сол күні Венециялық комиссия сарапшылары Жоғарғы Сот судьясы, Сот жюриінің төрағасы М.Шегеновпен, Жоғарғы Сот судьясы, Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Н.Қайыпжанмен кездесті. Бұған қоса, Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговпен, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолинмен және Қазақстан Судьялар Одағының Төрағасы С.Байбатыровпен кездесті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!