АҚШ-та халықаралық снайперлер жарысында ҚР құрамасы үздік үштікте

Фотография - АҚШ-та халықаралық снайперлер жарысында ҚР құрамасы үздік үштікте

Қазақстан снайперлерінің алдында тек АҚШ пен Германия құрамасы ғана

261 0

Американың Солтүстік Каролина штатындағы "Форт Брэгг" әскери базасында жетінші рет АҚШ ҚК Арнайы операция күштерінің снайперлік жұптарының бүкіләлемдік жарысы өтті, деп жазады Today.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аустралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тың 25 қатысушы командасы арасындағы ең мірлі атқыштар анықталды.

Бір аптада қатысушылар дәл оқ атудағы машықтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге белгіленген ауданға әрі қарай шыға отырып, жергілікті жерде бағдарлау жылдамдығын, түзетулердің есебін жүргізу үшін су жаңа аспаптарды пайдалану шеберлігін, сондай-ақ күндіз және түнде таңсық жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін де паш етті.

Қазақстандықтардың айтуы бойынша мұндай жарыстарға қатысу үйреншікті емес сазды-орманды жерде жұмыс жасауға мәжбүр болғанымызды ескере отырып, дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 Бейресми халықаралық сынақта АҚШ-тың мергендері бірінші орын, Германияның атқыштары екінші орын, қазақстандық жұп үшінші орынды еншіледі.

Сонымен қатар «Форт Брэтт» базасындағы сайыс жабық болып саналатынын және қазақстандық әскери қызметшілер, қатысушылар арасында құрметті миссия екенін айта кеткен жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!