Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Фотография - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің қарауына 10 мәселе енгізілді

94 0

Қоғамдық кеңестің қарауына 10 мәселе енгізілді. Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құрумен байланысты өзгерістер енгізілген қала әкімі қаулыларының кейбір жобаларын талқылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жер қатынастары және жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов мекеме атауының өзгртілуіне орай Астана қаласы аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер регламентіне өзгерістер енгізілгенін баяндады.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев кеңес мүшелерінің қарауына қала әкімдігінің карантиндік режим енгізу үшін карантиндік аймақтарды белгілеу туралы қаулысының жобасын ұсынды.

Кеңес мүшелері қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың баяндамасын тыңдады. Мекеме басшысы мамандықтар бөлінісінде оқудың құнын көрсете отырып, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдарының тізімімен таныстырып өтті.

Отырыс барысында бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысының оқуына жұмсалатын қаржыны есептеу мәселесі талқыланды. Түрлі мекемелерде оқу мерзімдері мен  оқудың құнына байланысты айырмашылықтар бар екендігіне баса назар аударылды. Кеңес төрағасы Сансызбай Есіловтың ұсынысымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының осы бағыты бойынша қаржыны ішкі үлестіру механизмін кеңес мүшелері жеке қарайтын болады.

Сондай-ақ, отырыс барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева да баяндама жасады. Шетелге оқуға түсетін жоғары сынып оқушыларына экстернат формасында оқуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді білім мекемелерінен енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы деп аталатын ХҚКО-ларға беру туралы қала әкімдігі жобаларының қаулылары және т.б. бірауыздан қолдау тапты.

Отырыс барысында елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен жайын нақтылау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру" мемлекеттік қызметтерінің регламенттерін бекіту туралы» қала әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндамасы тыңдалды

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру" регламентін талқылау барысында көптеген даулы мәселелер туындағандықтан оны қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!