Еліміздің басым аумағында күн жауын-шашынды

Фотография - Еліміздің басым аумағында күн жауын-шашынды

Алдағы үш күнде бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн бұлтты болады, республиканың батысы мен солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал

149 0

Алдағы үш тәулікте еліміздің бірқатар облысында ауа райы жауын-шашынды, күн бұлтты болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ресейдің еуропалық аумағындағы циклон Батыс Сібірге қарай ығысады. Осы циклонмен байланысты туындаған атмосфералық ағымдар Қазақстанның ауа райына ықпал етеді.

Алдағы үш күнде бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн бұлтты болады, республиканың батысы мен солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде және таңертең еліміздің басым аумағында тұман түседі деп күтілуде.

Бүгін елордада таңертең күн ала бұлтты, күндіз күн шығып, жылынады. Түнде және таңертең жаңбыр жаууы мүмкін. Сынап бағанасы түнде 5-6 градус жылыны көрсетсе, күндіз 12-14 градус нөлден жоғары. Солтүстік-батыстан 5 м/с жылдамдықпен жел соғады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!