Астана мен Сочи туристік байланыс орнатады

Фотография - Астана мен Сочи туристік байланыс орнатады

Кездесу барысында Сочидің Ресейдің туристік орталығы болуға лайық екендігі атап өтілді

214 0

Сочи қаласы делегациясының Қазақстанның елордасына ресми сапары аясында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Сочи қаласының басшысы Анатолий Пахомовпен кездесті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қызметінің басым бағыттарының бірі аймақтың туристік тартымдылығын арттыру және сыртқы туризмді дамыту болып табылатын қос қала әкімшіліктері өзара ынтымақтастық орнату және осы салада тәжірибе алмасу туралы келісімге келді. Әсіресе, Астана мен Сочи тәжірибе жинап үлгерген ауқымды халықаралық іс-шараларды дайындау және оларды өткізу саласында тәжірибе алмасуға баса назар аударылды.

«Біздің қалаларда өткізілген және өткізілетін елеулі оқиғалардың әсері болашақ ұрпақтарға да маңызды болмақ. Сондықтан осы саладағы өзара іс-қимыл екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайта түседі, қалалар арасындағы тәжірибе алмасудың практикалық пайдасы да болады»,- деді Астана әкімі.

Кездесу барысында Сочидің Ресейдің туристік орталығы болуға лайық екендігі атап өтілді. 2014 жылы XXII Қысқы Олимпиада ойындары мен "Формула-1" Ресей Гран-приін сәтті өткізген қаланың сырт келбеті өзгеріп, әлемге әйгілі болды. Өз кезегінде, Астана 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарын өткізді, сонымен қатар, 18 жылдың ішінде елордада халықаралық және республикалық маңыздағы 400 астам шара, соның ішінде, ШЫҰ және ИЫҰ мерейтойлық саммиттері өткізілді. ЕҚЫҰ саммитін өткізу елеулі оқиға болды, бұл Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы ролін арттыра түсті.

Тараптар екі қаланың да әлемдік деңгейдегі ірі шараларды өткізуге дайындалып жатқандығын атап өтті. Астана келер жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізеді. Ал Сочи FIFA-2017 Конфедерация кубогының және FIFA-2018 Әлем чмпионатының матчтарын өткізді.

А. Пахомов қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, делегацияның осы сапары «екі қаланың өзара қарым-қатынас тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болатынына» сенімін білдірді. Оның айтуынша, туризмді дамытуға өзара қолдау көрсетудегі бірінші қадам Сочи мен Астананың арасында қатынайтын чартрлік рейсті ұйымдастыру болмақ. Сочи қаласының басшысы 2017 жылы Астанада өтетін ЭСКПО көрмесіне міндетті түрде қатысатындарын растады.

Бүгін Сочи курорт-қаласының делегациясы Қазақстан мен Астананың туристік индустриясының өкілдеріне өз презентациясын ұсынады, сонымен қатар елорданың мәдени және спорт нысандарымен танысады, қаланың көрікті жерлерін аралайды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!