Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Фотография - Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген

410 0

Орал қаласының әкімі болып бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған Нариман Төреғалиев тағайындалды. Бүгін қала активінің жиынында өңір басшысы Алтай Көлгінов қаланың жаңа басшысына алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ииститутын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-экономист, заңгер. Еңбек жолын бұрынғы Ақжайық ауданының «Есенсай» кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген. 1990-2002 жылдары Теректi ауданында мамандығы бойынша түрлі қызметтерде болды. 2002-2003 жылдары – жалпы үлгідегі Орал интернат үйінің директоры. 2003-2005 жылдары – Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары. 2008 жылдары – Батыс Қазақстан облысының Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары. 2008-2010 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры. 2010-2012 жылдары – Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. Ал 2012 жылдан бастап Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды. 2015 жылдың маусым айынан бері облыс әкімінің орынбасары болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!