ҚХА төрағасының орынбасары Олег Дымов қайтыс болды

Фотография - ҚХА төрағасының орынбасары Олег Дымов қайтыс болды

Дымов Олег Григорьевич қатты ауырып қайтыс болған.

378 0

2016 жылғы 6 сәуірде, М. Горький атындағы мемлекеттік орыс театрында (Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 11) таңертеңгі 09:30-дан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дымов Олег Григорьевичпен қоштасуға арналған жиын өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Олег Дымов қайтыс болды, деп хабарланады Ассамблеяның сайтында.

Хабарламаға сәйкес, 2016 жылғы 6 сәуірде, М. Горький атындағы мемлекеттік орыс театрында (Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 11) таңертеңгі 09:30-дан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дымов Олег Григорьевичпен қоштасуға арналған жиын болады.

Олег Григорьевич Дымов 1946 жылы 4 желтоқсанда Павлодар облысы Краснокут ауданының Краснокутск селосында дүниеге келген.СОКП ОК жанындағы Мәскеу жоғары партия мектебін «Саясаттану» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Заң" мамандығы бойынша бітірген. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, "Қазақстанның болгар мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі болған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.Мемлекеттік қызметте 44 жыл, оның ішінде 14 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында қызмет еткен.  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І және ІV шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 

Олег Григорьевич "Тепло Казахстанской земли" (1999), "Мы, народ Казахстана" кітаптарының (2004); "Струны сердца моего", "Симфония души моей" (2006) өлеңдер жинақтарының (2002) авторы, "Ассамблея народа Казахстана" (1997), "Депортированные в Казахстан народы" (1998), "Народы Казахстана" (2004) атты кітаптарды авторлық бірлестікте жазған.

2005 жылы София қаласында (Болгария) Н.Ә.Назарбаевтың  "Сындарлы он жыл" ("Критическое десятилетие") кітабының болгар тіліне аударылған басылымын көпшілікке табыспен таныстырды. 2007 жылы Болгарияда Олег Григорьевичтің "Мы, народ Казахстана" кітабы болгар тілінде жарық көрді.

Олег Григорьевич "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, 6 мерейтойлық медальдармен марапатталған және Мемлекет басшысының Алғыс хатын екі рет алған.  




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!