ОҚО-да бірнеше тағайындаулар болды

Фотография - ОҚО-да бірнеше тағайындаулар болды

Облыста әкімнің орынбасарымен бірнеше аудан әкімдері ауысты.

499 0

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Жақып Бөкенбаев тағайындалды. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Жақып Бөкенбаев 1969 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, бухгалтер-экономист.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы "3-Энергоорталық" ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары "3-Энергоорталық" ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, "Түркістанэнерго" ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, "Оңтүстік Жарық" ЖШС директоры, "Астана-финанс" АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, "Қазақстандық коммуналдық жүйесі" АҚ-ның президенті, "Investment Company Capital Management" ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен.

2009-2013 жылдары Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, электр энергетикасын және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, "Казақэнергосараптама" АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

Облыс әкімінің орынбасары жаңа қызметте тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, энергетика, көлік, табиғат пайдалану мен тариф саясатын, байланыс және коммуникация салаларына жетекшілік ететін болады.

Сайрам аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі қызметіне Самат Сапарбаев тағайындалды.

Самат Сапарбаев 1962 жылы туған.  Білімі жоғары, мамандығы — инженер-механик.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл кірпіш зауытының слесарі ретінде бастаған. 1988-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, хатшысы қызметтерін атқарған. 1992 жылы Сайрам аудандық әкімшілігі жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болды.

1997-2013 жылдары Сайрам ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қарасу ауыл округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

2013 жылдың маусым айынан бастап Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Алмасбек Мамытбеков тағайындалды.

Алмасбек Мамытбеков 1969 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы – география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.

Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы болып бастап, мемлекеттік қызметке келеді. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары,  облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, "Нұр-Отан" партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!