Елбасы бастамалары Түркия басылымында жарық көрді

Фотография - Елбасы бастамалары Түркия басылымында жарық көрді

Аталмыш басылым 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаевты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған болатын.

3410 0

Түркиялық "Өнже Ватан" газеті кезекті санын Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитіне арнап, көлемді мақала басты.

Онда әлем көшбасшыларының баяндамаларынан үзінді келтіріліп, қабылданған ортақ қарар жарық көрген. Әсіресе, басылым Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құруда көтерген маңызды бастамаларына тоқталып, 25 жылдың аясында қазақ елінің халықаралық қауымдастыққа қосқан үлесін кеңінен саралаған. Күн сайын 20 мың тиражбен жарық көретін, ғаламторда 80 мың тұрақты оқырманы бар республикалық басылым 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаевты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған болатын.

Басылымның бас редакторы Кемал Саллы: "Қазақ Президентін әлемдік деңгейдегі көшбасшы және түркі дүниесінің ұлы тұлғасы" деп есептейді.

"Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ ел ішіндегі ядролық жаппай қырып-жою қаруынан бас тартып, дүниежүзіне өзін бейбітсүйгіш, диалогқа ашық, көреген саясаткер ретінде таныта білді. Содан бері бүкіл халықаралық қауымдастық оның ғаламдық қауіпсіздік үшін жасаған батыл қадамын үлгі тұтып, көтерген бастамаларына қолдау білдіріп келеді. Назарбаевтың тың идеясы тек бір ұлттың не аймақтың ғана мүддесін көксемейді, бүкіл адамзат қоғамы үшін үлкен мәнге ие", - дейді "Өнже Ватан" газетінің бас редакторы Кемал Саллы. 





    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!