Ақтөбе облысы әкімінің атынан Instagram-да жалған акаунт тіркелген

Фотография - Ақтөбе облысы әкімінің атынан Instagram-да жалған акаунт тіркелген

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлайды.

265 0

Instagram парақшасында Бердібек Сапарбаев атынан ашылған акаунттың Ақтөбе облысының әкіміне еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Тoday.kz  Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Instagram әлеуметтік желісінде @berdybeksaparbaev (Бердібек Сапарбаев) деген аккаунт тіркелген.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың ешбір әлеуметтік желіде тіркелмегенін ресми түрде мәлімдейді.

Алдағы уақытта облыс әкімі қандай да бір әлеуметтік желіде тіркелсе, баспасөз қызметі ол туралы БАҚ арқылы хабарлайды", - делінге баспасөз хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!