Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 2 млн 788 мыңнан асты

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 2 млн 788 мыңнан асты

Күнгейде жыл сайын 75 мыңнан астам бала дүниеге келеді, бұл Республикадағы әрбір бесінші бала саналады.

379 0

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мақсатты индикаторларға қол жеткізді. Өңірдегі демографиялық ахуал тұтас республика бойынша көш бастап келеді. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сейтжамал Орынбасарұлының айтуынша, бүгінде облыс халқының саны 6%-ға, яғни, 2429,6 мыңнан 2788,5 мың адамға артты. Күнгейде жыл сайын 75 мыңнан астам бала дүниеге келеді, бұл Республикадағы әрбір бесінші бала саналады. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 3%-дан, яғни, 69,86-дан 71,81 жасқа дейін артқан. Соңғы 5 жыл ішінде халықтың ең төменгі өлім-жітім көрсеткіші 7,5-тен 5,3-ке дейін төмендеді.

Ана мен бала ұйымдарында тиімді перинаталдық технологияларды, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу стандарттарын ендірудің, облыстық балалар ауруханасы базасында мамандандырылған қызметті ұйымдастырудың арқасында нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 11-ге дейін, ал аналар өлім-жітімі 11,4-ке дейін төмендеді.

"Нәресте патологиямен туылған кезде ол сәбилерді бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіп, тексеру жүргіземіз. Ота жасау қажет болса, оны да жасаймыз. Сондай-ақ соңғы кезде облысымызға Украинадан, Швейцариядан келген мамандар бір айлық нәрестелерге ота жасап кетті. Біздің мамандарымызбен тәжірибе алмасты. Перинаталдық орталықтарда жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл шаралардың барлығы нәрестелерді аман алып қалу үшін қолға алынып отыр", - дейді Сейтжамал Пакеев.

Ал әлеуметтік мәні бар аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша қан айналымы ауруларынан 14 пайызға, жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 12%-ға төмендеді. Сонымен бірге, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2,1 есе, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші ҚР бойынша ең төменгі, яғни, 56,6 пайызға жетті (ҚР-89,9). Онкологиялық аурулар диагноздарын кодтау тәртібінің өзгеруіне байланысты қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші мақсатты индикаторға жетпеді.

"Қазір 10 гектар жер бөлініп, облыстық туберкулез диспансерін қала сыртына көшіру мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ қатерлі ісік аурулары бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен қала сыртынан 10 гектар жер бөлініп, екі инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сол келіссөздер оң шешімін тапса, жобалық сметалық құжаттамалар жасалып, құрылыс жұмыстары басталады. Себебі, қазір диспансерде бір палатада алты адамнан жататын жағдайлар кездесіп отыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!