Отандық өндірістен шыққан тұңғыш рельс төселді

Фотография - Отандық өндірістен шыққан тұңғыш рельс төселді

110 шақырымдық Алматы-Шу бағытындағы шойын жолдың бір бөлігі қамтыды.

1444 0

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық өндірістен шыққан тұңғыш рельс төселді. Бұл 110 шақырымдық Алматы-Шу бағытындағы шойын жолдың бір бөлігі – деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бүгін "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы "Алматы-1 –Шу учаскесінің екінші темір жолы құрылысы" нысанында Ақтөбе рельс арқауы зауыты" ЖШС тұңғыш өнімі алғашқы рельс торкөзін төсеу салтанаты өтті.

Ақтөбеден шыққан өнімнің Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы мен экспорттық әлеуеті зор. Ендігі жерде рельстер отандық өнім өндірушілерден алынатын болады.

"Біз бүгін "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен Үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының табысты нәтижесін көріп отырмыз. Зауыт өнімі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды рол атқарады. Және экспорттық әлеуеті зор. Ендігі жерде рельстер отандық өнім өндірушілерден алынатын болады",- деп атап өтті А. Мамин.

Фото -

Бүгін алғашқы шойыны төселген жол "Алматы1 – Шу" темір жол телімінде 110 шақырымдық магистральдық желінің бір бөлігі. Қазірдің өзінде белгі беру және байланыс, электр желілері тартылып жатыр. Жобаның бірінші кезеңін биыл пайдалануға беру жоспарланған.

"Жобаны жүзеге асыру кезінде 1500 жұмыс орны ашылады. Аталмыш жобаның біздің аймақ үшін стратегиялық маңызы зор",-деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Алматы1-Шу темір жолының екінші желісі іске қосылған кезде телімнің өткізу қабілеті 2 есеге артады. Жүк пойыздарының жылдамдығы артып, бағдардағы жүру мерзімі қысқарады. Бұл арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне ықпал етеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!