Қазақстанда діни сайттың жаңа нұсқасы ашылды

Фотография - Қазақстанда діни сайттың жаңа нұсқасы ашылды

Ғаламтор желісіндегі еліміздің мұсылман қауымына кеңінен танымал болған muslim.kz сайтының жұмыс жасап келе жатқанына биыл төртінші жыл.

132 0

Бүгін "Әзірет Сұлтан" мешітінің ресми порталы muslim.kz сайтының жаңа нұсқасы оқырманға жол тартты. Ғаламтор желісіндегі еліміздің мұсылман қауымына кеңінен танымал болған muslim.kz сайтының жұмыс жасап келе жатқанына биыл төртінші жыл. Осы төрт жыл уақыт ішінде сайт оқырмандарының саны 7000-ға асып, қаралым көрсеткіші де көңіл қуантарлық дәрежеге жеткен.

Оқырман саны сайттағы дүниелердің сапасына байланысты екені белгілі. Осы жылдар ішінде muslim.kz порталында үнемі жаңа айдарлар ашылып, тың дүниелермен толықтырылып тұрды. Әр жылдары портал бетінде оқырмандар сұранысы бойынша "Бір күнде – бір хадис", "Исламдағы жанұя" "Тәпсір тұнығы", "Иман шарттары" секілді жаңа айдарлар ашылып, сайттың көркемдігі мен ыңғайлылығы үнемі  жетілдіру үстінде.

Сондай-ақ, "Хикмет" телерадиостудиясының өнімдері орналастырылатын "Медиа" айдарындағы бөлімдер саны бүгінде 26-ға жетіп, түрлі тақырыптарды қамтитын радиохабарлар санының 20-дан асуы да muslim.kz порталының үздіксіз даму үстінде екенін көрсетеді.

Діни тақырыптардағы мақалалардың да "Тұлға", "Тәпсір тұнығы", "Ғибратнама", "Өткенге салауат", "Балалы үй базар", "Медицина", "Асхана", "Өткенге салауат", "Дін мен дәстүр" секілді бөлімдерге жіктелуі де оқырмандардың іздеу жұмыстарын оңайлата түсетіні сөзсіз.

Оқырмандардың ұшқырлығын шыңдап, шығармашылық ізденістер ояту мақсатында алғашқы жылдары "Суретті сөйлет" секілді бәйге айдарлары ұйымдастырылып, апталық қорытынды есеп бойынша жүлде табысталып отырған болатын. Бұл игі кейіннен жалғасын тауып, сайт оқырмандары арасында "Менің пірім – Пайғамбарым" секілді республикалық шығармашылық сайыс жарияланған еді. Ал, жақында "Хикмет" телерадиостудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай деректі фильмдер арасында республикалық байқау ұйымдастырды. Байқау жеңімпазы қаңтар айында Астана қаласында өткен Мәуліт мерекесінде марапатталып, 1 000 000  теңге сертификаты Бақ Орда студиясының қанжығасына байланды.

Сондай-ақ, бүгін сайт оқырмандары арасында өтетін фото байқау шарттары жарияланып отыр. Бәйге жеңімпазы "Әзірет Сұлтан" мешіті мен muslim.kz порталының ашылғанына төрт жыл толуына байланысты өтетін шара аясында марапатталатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!