ҚР Әскери-әуе күштері АҚШ-тың UH-1H-II тікұшағымен толықты

Фотография - ҚР Әскери-әуе күштері АҚШ-тың UH-1H-II тікұшағымен толықты

2006-2007 жылдары инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өткізген.

2303 0

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарына сәйкес кезекті ұшатын аппарат UH-1H-II "Хьюи" тікұшағымен толықты, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілетін үшінші тікұшақ. Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөліктер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді", — делінген хабарламада.
"Хьюи" тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері "Қазбриг" бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын "Дала қыраны" тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.
Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өтті.
"Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді", — деп ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.
UH-1H-II тікұшағы – бұл десантты (12 адамға дейін) және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын (оның ішінде жүкшығырмен) орындау, әуеден барлау, жаралыларды көшіру үшін арналған Bell компаниясының жеңіл көп нысаналы әскери-көліктік тікұшағы болып табылады. Оның 1 800 жылқының күшіндей қуаттылығы бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. Барынша салмағы – 4 762 келі, барынша жылдамдығы – 240 км/с.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!