Мәжіліс бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Фотография - Мәжіліс бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

282 0

Бүгін Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Онда депутаттар талқысына "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы ұсынылмақ.

Бұл келісімге 2016 жылдың 21 қаңтарында Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік Экономикалық форум аясында қол қойылған.

Жаңа келісім Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы барлық офистері мен қызметкерлерінің мақсаттарын, мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындайды.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобын тіркеу мәселесі қаралмақ, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!