Зағипа Бәлиеваның телефонына кез келген азамат қоңырау шала алады

Фотография - Зағипа Бәлиеваның телефонына кез келген азамат қоңырау шала алады

Президент Жарлығымен Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жөнiндегi омбудсмен институты ашылды.

437 0

Қазақстандағы бала құқықтары жөнiндегi уәкiл, Мәжiлiс депутаты Зағипа Бәлиева жақын арада әлеуметтiк желіде өзінің парақшасын ашып, сенiм телефонын іске қосатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Президент Жарлығымен Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жөнiндегi омбудсмен институты ашылды. Қазiр кеңсе техникалық тұрғыдан жабдықталып жатыр. Менiң телефон нөмiрiме кез келген азамат қоңырау шала алатын болады. Сондай-ақ балаларға арналған сенiм телефоны iске қосылады. Жақын арада әлеуметтiк желiде де менiң, яғни ҚР Балалалар құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң жеке парақшасы ашылады. Ол қазiр рәсiмделiп жатыр. Желiге сұрақтарын балалар ғана емес, мұғалiмдер, дәрiгерлер, ата-аналар, басқа да мүдделi адамдар, үкiметтiк емес ұйымдар мен балалардың проблемаларымен айналысатын азаматтар хабарласа алады", - дедi Зағипа Бәлиева.

Уәкiлдiң айтуынша, сәби дүниеге келген күннен бастап оның Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде құқықтары болады. Мемлекет пен қоғам жас азаматтың құқықтарын сыйлауы тиiс. Бала өскеннен кейiн оған мiндеттер де жүктеледі. Балалар оны да біліп өсуі керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!