Елбасы төрелік туралы заңға қол қойды

Фотография - Елбасы төрелік туралы заңға қол қойды

Осыған байланысты қолданыстағы "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық төрелік туралы" заңдардың күшін жою ұсынылды.

600 0

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Төрелік туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеке және заңды тұлғалар арасындағы барлық жеке құқықтық даулар төрелік соттардың қарауына жатқызылатын болады. Заң төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды біріктіруге бағытталған. Осыған байланысты қолданыстағы "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық төрелік туралы" заңдардың күшін жою ұсынылды. 

Сонымен қатар, төрелік қызмет саласындағы заңнама нормаларын 1985 жылғы "Халықаралық сауда төрелігі туралы" ЮНСИТРАЛ үлгілік заңына, 1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына, 1961 жылғы Сыртқы сауда төрелiгi туралы Еуропа конвенциясына сәйкестікке келтіру көзделеді.  Бұдан бөлек, төрелік пен аралық соттардың жағдайлары олардан шектеулерді алып тастау арқылы теңестірілді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!