Ішкі істер және Әділет министрлігінде орынбасарлар тағайындалды

Фотография - Ішкі істер және Әділет министрлігінде орынбасарлар тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрі мен әділет министрінің орынбасарлары тағайындалды.

376 0

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрінің орынбасары болып Ильин Юрий Викторович, Әділет министрінің орынбасары болып Ешмағамбетов Жанат Болатұлы тағайындалды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Юрий Ильин 1968 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Алматы жоғары әскери командалық училищесін тәмамдаған. Соңғы атқарған лауазымы – ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын "Тау-кен инженері-технолог" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ҚР Әділет министрлігі сот актілерін орындау Департаментінің директоры лауазымында болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!