Айгүл Мүкей Гүлжан Қарақұсованы қорғап бақты

Фотография - Айгүл Мүкей Гүлжан Қарақұсованы қорғап бақты

Айгүл Мүкеева: Гүлжан Қарақұсовамен сұхбат барысында болған жайт қазіргі журналистиканың кәсіби еместігін тағы бер рет дәлелдеп берді.

150 0

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсоваға орынсыз сұрақ қойып, дау шығарған журналистерді кәсіби маман емес деп сын айтты. 

Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында:

"Гүлжан Қарағұсовамен сұхбат барысында болған жайт қазіргі журналистиканың кәсіби еместігін тағы бер рет дәлелдеп берді. Осыдан аз уақыт бұрын Мәжіліс депутаттары коллекторлық қызмет пен төлем қызметі туралы заңды талқылады. Оның барлығы Гүлжан Қарақұсова басқаратын комитеттің атқаратын жұмысына қатысты еді. БАҚ аталған заң жобасы туралы мардымды ештеңе жазбады. Өкінішке қарай, депутаттар арасындағы тартыс пен эмоция ғана отандық БАҚ-та көрініс тапты.  Мен танитын Гүлжан Қарағұсова өте эмоционалды және бір сөзді адам. Енді ол бірде-бір сұхбат бермейді. Оның орнында болсам мен де "сары басылымға сай, папарацци" іздеп жүретін журналистерге сұхбат бермес едім", - деп жазады.

Естеріңізде болса, қайтадан жасақталған Парламен Мәжілісінің бір топ депутаттарының Астанадағы "Пекин Палас" қонақ үйінде уақытша тұрып жатқанына байланысты байланысты Гүлжан Қарақұсова ханым өз пікірін білдіріп, артынша БАҚ оны сынға алған болатын.  

Фото -

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!