Бүгін еліміздің басым бөлігі күн жауын-шашынды болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігі күн жауын-шашынды болады

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда - тұман, көктайғақ болады

89 0

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталып, тек батыс облыстарда ғана күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман мен жел күшейіп, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, кей өңірлерде найзағай ойнайды деп күтілуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда - тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман күтіледі.

Атырау, Павлодар облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!