Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Фотография - Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

778 0

Елбасы Тегеран қаласына келді. Бұл  туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар аясында Президент Х.Руханимен, рухани көшбасшы А.Хаменеймен, сондай-ақ Иран холдингтері мен компанияларының өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барды. Екі мемлекет басшылары Х.Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.

13 – 14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барады. Саммиттің негізгі тақырыбы – "Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін". Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделуде.

15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!