Қазақстанда "Дала бүркіті-2016" оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды

Фотография - Қазақстанда "Дала бүркіті-2016" оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды

"Дала бүркіті – 2014" бітімгершілік оқу-жаттығуы Германияда өткен болатын.

280 0

Бүгін "Іле" оқу-жаттығу орталығының базасында "Дала бүркіті-2016" тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бастапқы кезеңі басталды. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.

Алғашқы кезең аясында қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері америкалық және британдық әріптестерімен бірлесіп батальон штабының жұмысы, ротаның жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бойынша сертификация алу және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.

Айта кетерлік жәйт, оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, "Дала бүркіті-2016" бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда. Ол жерге қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонының 250-ге жуық әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылмақ, деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы "Дала бүркіті – 2014" бітімгершілік оқу-жаттығуы Германияда өткен болатын. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!