Қырғызстанның үкімет басшысы отставкаға кетті

Фотография - Қырғызстанның үкімет басшысы отставкаға кетті

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі қызметінен үміткерлердің ішінде депутаттар Шыныбай Тұрсынбеков және Қанат Исаев бар.

574 0

Қырғызстан республикасының премьер-министрі Темір Сариев отставкаға кетті, деп хабарлайды Вaq.kz

Бүгін ол үкіметтің кезекті тыс отырысын өткізіп, отставкаға кететіндігін мәлімдеді.

Т.Сариевтің жұмыстан кетуіне "Балыкчы-Корумду" автожолы құрылысының тендері айналасында туындаған дау-дамай себеп болды. Бұған дейін депутаттық комиссия аталған жобаның тендерін өткізу кезінде көптеген заң бұзушылықтарды анықтаған еді. Осыдан кейін халық қалаулылары Темір Сариев жетекшілік ететін үкімет отставкаға кетуі керек деп шешті.

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі қызметінен үміткерлердің ішінде депутаттар Шыныбай Тұрсынбеков және Қанат Исаев бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!