Елбасы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

Фотография - Елбасы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты

417 0

Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды.

Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!