Үш тілде білім беру жүйесі келесі оқу жылынан бастап енгізіледі

Фотография - Үш тілде білім беру жүйесі келесі оқу жылынан бастап енгізіледі

Егер жоба сәтті басталса, келесі жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді.

2944 0

2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде бірінші сынып оқушылары үш тілде білім ала бастайды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда "Ғылым және бизнес" халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Егер жоба сәтті басталса, келесі жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Яғни  пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

"Бұл бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылып жүр. Қазір ол оқу орындарында бір орынға 20 үміткерден келіп жатқанын көріп отырмыз, сондықтан бағдарламаны жаппай енгізуге шешім қабылдадық. Бұл білім деңгейін көтеріп, жастардың бірге жұмыс істеуіне көмектеседі. Бірінші сыныптарға 72 мың мұғалім және өте қысқа уақытта жетінші сынып оқушыларын қайта оқытуға 250 мың мұғалім дайындалды. Осы жүйенің арқасында оқушылар бес күндік оқу жүйесіне ауыса алады", - дейді министр.

Ол сондай-ақ еліміздегі барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын қысқа уақытта интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Еске сала кетейік, үш тілді білім беру жүйесі туралы айтыла бастаған соң, ата-аналар қауымы бұл өзгеріске қарсылық танытқан болатын. Сондай-ақ, балалардың жазғы каникулы қысқаратыны да көпшіліктің наразылығын тудырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!