Қазақстанның оңтүстігінде сейсенбіде бұршақ жаууы мүмкін

Фотография - Қазақстанның оңтүстігінде сейсенбіде бұршақ жаууы мүмкін

Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстікте найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

287 0

Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек батыста күн ашық. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстікте найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде сейсенбіде бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет".

"Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек батыста күн ашық. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстікте найзағай, бұршақ болуы мүмкін",-делінген хабарламада.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел, шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с дейін жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!