Ақтөбе облысында 213 млн долларға кен орны агылды

Фотография - Ақтөбе облысында 213 млн долларға кен орны агылды

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев хабарлады.

426 0

Оның айтуына қарағанда, 2015 жылы аудандағы өнеркәсіп өндірісі көлемі ауданда 189 млрд теңгеден асты.

Қазіргі таңда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда.

Аққұдық селолық округінің аумағында "Игданит" ЖШС қуаттылығы жылына 25 мың тонна болатын сөндірілмеген әктас өндіретін зауыт құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны 758,7 млн. теңге. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында жобаны жүзеге асыру үшін 120 млн теңгеге инженерлік-коммуникациялық желі жүргізілді.

Сонымен қатар, "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-те "Весенне-Аралчинское" кен орнында қуаттылығы жылына 500 мың тонна руда өндіретін кен орны ашылады. Жаңа жоба іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

- Жобаның құны 213 млн. доллар. Нысан 2017 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сыртқы жолдар, әрқайсысы 35 квт-тан 2 подстанция, газ құбырлары, т.б. құрылыс жұмыстары аяқталды. Жаңа кен орны іске қосылуы қосымша минералды шикізат қорын пайдалануға, "АМК" байыту фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз етуге, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын максимальді түрді ұстап тұруға мүмкіндік береді, - деді Османғалиев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!