ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі Ташкентте лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылайды

Фотография - ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі Ташкентте лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылайды

Дүниежүзіндегі радикалдық идеялардың жаһандануы, лаңкестіктің өсуі мен діни экстремизмнің өршуіне байланысты маңыздылығын арттыруда.

228 0

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері Қауіпсіздік кеңесінің басшылары Ташкент қаласында лаңкестікпен күрес және басқа да қауіп-қатерлер мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды РИА Новости Өзбекістан СІМ-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарламасына сәйкес, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің бүгінгі таңдағы жұмысы, дүниежүзіндегі радикалдық идеялардың жаһандануы, лаңкестіктің өсуі мен діни экстремизмнің өршуіне байланысты маңыздылығын арттыруда. Сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесі басшыларының кездесуінде трансұлттық есірткі саудасы талқыланатын болады.

"Бұл кездесулердің қауіпсіздік саласын зерттеудегі, талдау және бағалауда, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қауіп-қатерлерге заманауи түрде қарсы тұруда ШЫҰ елдерінің күш салуын үйлестірудегі, саяси сұхбатты арттырудағы маңызы зор", — делінген республика СІМ-інің хабарламасында.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!