ЕАЭО елдері үкімет басшылары мұнайдың ортақ нарықтарын құруды талқылайды

Фотография - ЕАЭО елдері үкімет басшылары мұнайдың ортақ нарықтарын құруды талқылайды

РФ үкіметі баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыстың күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдетудің басым міндеттері кіреді

175 0

Бұл саладағы ортақ нарықтар 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы жекелеген ережелерге сәйкес құрылады және Одаққа мүше елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлемдік шикізат нарығында олардың жалпы бәсекелестігін арттыруға бағытталған.
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдері ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы жобасын мақұлдауға ниетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне РФ үкіметі аппараты қызметкері.
Бұдан бұрын РФ үкіметі баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыстың күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдетудің басым міндеттері кіреді. 
Кездесу барысында ЕАЭО қызметіне және интеграцияның салалық бағыттарын дамытуға қатысты интеграциялық күн тәртібінің мәселелерін кеңінен талқылау жоспарлануда. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің экономикаларының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар қарастырылатын болады.
Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдері ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы жобасын мақұлдауға ниетті. Бұл саладағы ортақ нарықтар 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы жекелеген ережелерге сәйкес құрылады және Одаққа мүше елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлемдік шикізат нарығында олардың жалпы бәсекелестігін арттыруға  бағытталған.

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!