Қазақстанда 4,5 мың көлік шаң басып қомаларда тұр

Фотография - Қазақстанда 4,5 мың көлік шаң басып қомаларда тұр

Елде 2015 жылы шығарылған көліктердің сатылымы тоқтап қалған

2354 0

2016 жылдың 1 қаңтарында автокөліктерді алғашқы тіркеуге салық енгізілгеннен кейін, 5,5 көлік қоймаларда құр тұр. Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы елдің инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешевке, осы мәселені шешіп, көлікті тіркеу кезінде техникалық талаптарды жеңілдету туралы депутаттық сауалын жолдады, деп жазады Today.kz.

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, партияға орын алған ыңғайсыз жағдайға байланысты отандық көлік өндірушілерден өтініштер түсуде. Аталған амал отандық көлік өндірушілерді қолдау үшін қабылданғанымен, қазіргі кезде кері әсер етуде.

Нәтижесінде 2015 жылдың соңында шыққан жаңа көліктер сатылмай тұр.

Депутаттың пікірінше, аталған Салықтық кодекс сақталған жағдайда аталған үрдіс өсе бермек. Бұл дегеніміз өндірушілер үшін өтпей қалған тауарлардың қоймаға тұрып қалатындығын білдіреді.

Мұндай жағдайға түсе бермес үшін, көлік өндірушілер әр жыл соңында қызметін тоқтатып, қызметкер санын қысқартуына тура келеді.

Осы себепті партия мүшелері Әсет Исекешевтен орын алған жайтты шешіп, Салық кодексінің 456-бабының 6,4-тармақтарын түзетуге қолдау білдіруді сұрады. Депутаттар пікірінше, жаңа көліктердің алғашқы тіркеу соммасы екі жылдық көліктерге салыныуы керек деген ойда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!