Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Қазақстан Президенті биыл наурыз айында Анкарада болған террорлық актіге байланысты Р.Ердоғанға тағы да көңіл айтты.

790 0

Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған кездесуде Түркия Президентінің Қазақстанға былтыр сәуірдегі сапарында қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ екі ел көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл бағыттарда бірлескен перспективалы жобалар бар екені, оларды жүзеге асыруға екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алатыны айтылды.  

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен терроризмге және экстремизмге қарсы күрес аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті биыл наурыз айында Анкарада болған террорлық актіге байланысты Р.Ердоғанға тағы да көңіл айтты.

Екіжақты қарым-қатынас мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Түркияның жетекші компаниялары мен холдингтерінің мемлекетіміз тарапынан елеулі қаражат бөлініп отырған индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатыса алатынына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тауар айналымын, соның ішінде Түркиямен арадағы тауар айналымы көлемін арттыру үшін еліміздің  алдынан зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.   

Қазақстан Президенті біздің республикамыздың транзиттік-көліктік әлеуеті жоғары екенін, оны екі ел экономикасының игілігіне тиімді пайдалануға болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Антальяда «ЭКСПО-2016» және Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тұрғысынан Қазақстан мен Түркияның тәжірибе алмасуы маңызды екеніне назар аударды. 

Р.Ердоған бірқатар бағыттар бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты., делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!