ҚТЖ директорлар кеңесінің басшысы ауысты

Фотография - ҚТЖ директорлар кеңесінің басшысы ауысты

Адамас Илькявичюс "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

204 0

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Адамас Илькявичюс сайланды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. А. Илькявичюстің 2014 жылғы 17 қарашадан бері Директорлар кеңесіне мүше болуы да сабақтастықтың үзілмеуіне мүмкіндік беріп отыр. 

Трансформация бағдарламасы аясында – Қордың Корпоративтік басқару кодексіне орай қабылданған бірінші құжат бойынша Директорлар кеңесі құрамына алты жылдан артық сайлану үрдісі мұқият қаралуы тиіс. Бұл Директорлар кеңесі құрамын сапалық жағынан жаңарту қажеттілігінен туындайды. Осыған байланысты Қор қоржын компаниялардың Директорлар кеңесі мүшелеріне талапты күшейтіп, аталған Кодекс ережелерін іске асыруды Директорлар кеңестеріндегі өз өкілдерінен бастап отыр. 

Мәселен, Нұржан Байдәулетов Директорлар кеңесіне тоғыз жылдан астам мүше болғаннан кейін, өзінің "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі төрағалығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. 

Қор Нұржан Тәліпұлының "Қазақстан темір жолы" АҚ дамуына, Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыруға, корпоративтік басқаруды жетілдіруге қосқан үлесін жоғары бағалап, жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!