Ләззат Тұрлашов Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фотография - Ләззат Тұрлашов Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бұл орында бұған дейін Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев отырған болатын

692 0

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ләззат Махатұлы Тұрлашов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Today.kz аәмақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

Ләззат Тұрлашев1960 жылы туған. Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

2011 жылдың тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!