Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

Фотография - Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

Азия елдеріндегі 15 мемлекетті біріктіріп отырған Олимпиада қозғалыстарын басқарушы орган.

68 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірер күн бұрын оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабахпен бірге осы ұйымның Атқарушы Комитетінің мүшелері бірауыздан бекіткен.

Өзінің тағайындалуына қатысты пікір білдірген Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы әлемде жылдам дамып келе жатқан Азия аймағы халықаралық спорт қоғамының назарын өзіне тіктеп отырғанын айтты.

"Орталық Азия аймағы Олимпиада қозғалысын дамыту, халықаралық спорт жарыстарын өткізу тұрғысынан ерекше қызығушылыққа ие. Азия Олимпиадалық Кеңесінде еліміздің мүддесін қорғау мен үшін құрмет. Бұл сондай-ақ халықаралық спорт қоғамының Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің жеңістерін бағалағандығы. Ол қазақстандық және азиялық спорттық ұйымдар арасында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - дейді Тимур Құлыбаев.

Азия Олимпиадалық Кеңесі – Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) таныған ұлттық олимпиада комитеттерінің бес құрлықтық қауымдастығының бірі, бүгінде Азия елдеріндегі 15 мемлекетті біріктіріп отырған Олимпиада қозғалыстарын басқарушы орган.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев – АИБА-ның Халықаралық әуесқой бокс Қауымдастығының вице-президенті, Ұлттық Олимпиада Комитеттері Қауымдастығының (ҰОКҚ) Халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссия мүшесі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!