Қорғаныс министрі Талдықорған гарнизонын тексерді

Фотография - Қорғаныс министрі Талдықорған гарнизонын тексерді

Тексеру аяқталысымен әскерлердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру және әскери тәртіпті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

102 0

2016 жылдың 12 сәуірінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің басшылық етуімен Талдықорған гарнизонының бөлімдерінде тексеріс басталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Екі күн бойы қорғаныс ведомствосы басшысының жетекшілік етуімен жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөнінде жүйелі жұмыс енгізілген әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің іргелі негіздері тексерілді. Бұл жолы бұған жіті назар аударылғанын ерекше атап өткен жөн", — деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің  баспасөз қызметі.

 Себебі, жүйелі жұмыстың мақсаты әскерлердің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету, жеке құрамға талап етілетін әскери-кәсіби даярлықтың, сондай-ақ әскердің арналуына сәйкес үйлесімділігі мен жауынгерлік және өзге де тапсырмаларды орындау деңгейіне қол жеткізе отырып, бір қалыпта ұстап тұру және жетілдіру болып табылады.

"Қарапайымнан – күрделіге" қағидаты жауынгерлік даярлықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әскерлердің тәжірибесінде оны іске асыру құрылымдық, ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыда үш өлшемшарт бойынша жүзеге асырылуы тиіс", — деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Жұмыс қорытындысы бойынша 18404 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Ермұханов, Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А. Жұмакеев және басқа да лауазымды адамдар тыңдалды.

Тексеру аяқталысымен әскерлердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру және әскери тәртіпті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!