Бас прокурор жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес жұмыстарын сынға алды

Фотография - Бас прокурор жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес жұмыстарын сынға алды

Соңғы бес жылда жүргізілген жұмысқа баға берілді

379 0

Соңғы бес жылда Қазақстанда жалған кәсіпкерлік фактілері жиілеп кеткен. Бұл туралы ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбав заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында, деп жазады Today.kz.

"Егер 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде жалған кәсіпкерлік туралы 628 қылмыстық іс тіркелді, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 261 қылмыстық іс болған еді", - деп атап өтті Дауылбаев.

Бас прокурор жауапты мемлекеттік органдар мен екінші дәрежелі банктердің ішкі бақылау жүйелерінің қызметі де көңіл көншітпейтіндігін атап өтті. Соңғы бес жылда аяқталған істер бойынша анықталған залалдың сомасы 242 млрд-тан астам теңгені құрады. Залалды өтеу болса орташа есеппен 7 пайыздан аспайды, ал 2015 жылы небәрі 1,2 пайызды құрады.Ал кәсіпкерлер 15 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл ретте екінші дәрежелі 28 банктің 8-і ғана капиталды көлеңкелі айналымға жіберуге қатысты күдікті келісімдер жөнінде құзыретті органдарға хабар берген.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі Мемлекеттік кіріс комитетіне жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша тиісті тергеу жұмыстарын қамтамасыз етуге, қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға аудару мақсаты бар келісімдерді анықтау туралы мекемеаралық ақпарат алмасуды жүргізу бағытында шаралар ұйымдастыруға кеңес берді.

Сонымен қатар активтерді шығару мен салықты төлеуден жалтару жолдарын пайдалану кезінде көзге іліккен сенімсіз ұйымдар мен жеке тұлғалардың «қара тізімін» қалыптастыру және активтеріне шектеу қоя отырып олармен қайсыбір қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салу құқығын берудің еуропалық тәжірибесін зерделеу ұсынылды.

Тіркелу барысында заңды кәсіпкерлік қызметті іске асыруға ниеті жоқ тұлғалардың кәсіпорын ашуын тоқтатуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесінің жаңа критерийлерін жасап шығаруға ұсыныс жасалды.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетке екінші дәрежелі банктермен жұмысты күшейту және заң талаптарын бұзғандары үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттілігі туралы нұсқау берілді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!