ҚМДБ қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында конкурс жариялайды

Фотография - ҚМДБ қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында конкурс жариялайды

Келіссөздер нәтижесінде САК Қажылық министрлігі Қазақстан Қажылық Миссиясына бірқатар жаңа талаптар қойды.

272 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қажылықпен айналысуға ниет білдерген туристік фирмалары арасында конкурс жариялайды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

2016 жылдың наурыз айының 2-сі мен 7-сі аралығында қазақстандық делегация Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің шақыртуы бойынша Жидда, Мекке, Мадина қалаларына ресми сапармен барып, осы жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстары бойынша екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер нәтижесінде САК Қажылық министрлігі Қазақстан Қажылық Миссиясына бірқатар жаңа талаптар қойды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында конкурс жариялайды" — делінген хабарламада.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: туристік фирманың тіркелгені туралы куәлігінің болуы; салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы; туроператорлық лицензиясының болуы; ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде қажылық және умра сапарын ұйымдастырғаны жайлы тәжірибесінің болуы; өз қызметі аясында САК қажылық министрлігінен (мухаләфә/ереже бұзу) немесе ҚМДБ тарапынан ереже бұзғаны туралы ескертпенің болмауы; ҚР аумағында кемінде халыққа сапалы қызмет көрсететін офисінің болуы; САК Қажылық министрлігінің жаңа талаптарына сәйкес, Хадж чек (қажыларды Жидда-Мекке-Мадина қалаларына тасымалдау және Мина мен Арафат жазығындағы шатырларда орналасу үшін төленетін жарна) қаржысының кемінде 300 кісіге төленгендігі туралы түбіртектің болуы; САК Азаматтық Авиация Комитетінің аккредитациясынан өткен Әуе тасымалымен айналысатын «Эйр Астана» немесе «Флай Нас» әуе компанияларының операторларына билет қаржысының кемінде 300 кісіге 30% (пайыз) төленгені туралы түбіртектің болуы; Қажылық миссиясына кемінде 300 кісіге төленген жарнаның түбіртегінің болуы міндетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!