Мәжіліс Бюросы: Күн тәртібі нақтыланды

Фотография - Мәжіліс Бюросы: Күн тәртібі нақтыланды

Бұл келісімге 2012 жылы 2 шілдеде Македония Республикасы Президентінің біздің елімізге ресми сапары кезінде қол жеткізілген

78 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметінен.

Онда депутаттар талқысына Македониямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылып отыр.

Бұл келісімге 2012 жылы 2 шілдеде Македония Республикасы Президентінің біздің елімізге ресми сапары кезінде қол жеткізілген. Ол қос мемлекеттің инвестициялық ахуалын жақсартуға және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ жалпы отырыста ілеспелі құжатпен "Жайылымдар туралы" заң жобасы бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау жөнінде қаулы қабылданбақ.

Аталған заң жобасы тікелей Мәжіліс депутаттары бастамашылығымен әзірленген. Онда еліміздің жайылымдық жерлерінде орын алып отырған олқылықтар ескеріліп, тиімді басқару тетіктері қарастырылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!