Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Фотография - Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Отырыс барысында депутаттар кіреберістер мен аулаларда ардагерлерге қолайлы жағдайлар жасап, абаттандыру мәселесін көтерді

111 0

Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының екінші кезектен тыс сессиясы өткізілді. Отырысқа Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, сессия төрағасы Мирас Шекенов, сондай-ақ, елордалық басқармалардың басшылары қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібінде ең алдымен Астана қаласы тұрғындарының жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндері қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды.

- 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен азаматтардың кейбір жекелеген санаттарына 192 миллион 650 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету көзделген: 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні - Чернобыль АЭС апат салдарын жоюға қатысқан 580 тұлғаға 80 мың теңге, жесір қалған әйелге 50 мың теңге мөлшерінде. Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне (172 адам) 850 мың теңгеден берілмек. Сонымен қатар, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 9 мамыр мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден ақшалай төлем жасалады. Яғни, үстіміздегі жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жалпы есепте бір миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деді Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Фото -

Отырыс барысында депутаттар кіреберістер мен аулаларда ардагерлерге қолайлы жағдайлар жасап, абаттандыру мәселесін көтерді. Тұрғындар хабарсыз болғандықтан, соғысқа қатысушылар тұратын үйлерге "Мұнда ҰОС ардагері тұрады" деген жазуларды ілу туралы ұсыныс жасалды.

Мұнымен қоса, депутаттар мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық комиссия құрамын қарады.

Астана қаласы Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Ерсін Өтебаевтың хабарлауынша, аталған мекеме Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық комиссия құрды. Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік сатып алулар саласында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулар процестерінің айқындылығы, ашықтығы, заңдылығы қағидаттары негізінде мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады. Комиссия құрамы бірауыздан бекітілді, оған жергілікті атқарушы органдардың, Астана қаласы прокуратурасының, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің, "Нұр Отан" партиясының, қалалық мәслихат пен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!