Қазақстанның халық саны 17 713,8 мың адамға жетті

Фотография - Қазақстанның халық саны 17 713,8 мың адамға жетті

2015 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 255,3 мың адамға немесе 1,46% өсті.

212 0

1 наурызға еліміздегі халық саны 17 713,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 099,2 мың (57%), ауылдықтар – 7 614,6 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 255,3 мың адамға немесе 1,46% өсті. 

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016ж. қаңтар-ақпанда туылғандар саны 67,2 (2015 жылғы қаңтар-ақпанда – 63,5) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 5,8% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (33%), 29% (29%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,04 (22,41) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 23,3 (22,7) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 2,6% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,97 (8,01) қайтыс болғандарды құрады.

2016ж. қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1 мың адамға немесе 7,6% көбейіп, 43,9 (40,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,07 (14,40) адамды құрады.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 723 (597) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 21,1% көбейді. 2016 жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,75 (9,44) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 386 (304) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,4% (50,9%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 152 (123) немесе 21% (20,6%), тыныс органдары ауруларынан – 64 (42) немесе 8,9% (7%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 29 (30) немесе 4% (5%) нәресте қайтыс болды.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 25,9% кеміп, 2227 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 21,2% көбейіп, 3371 адамды құрады, көші-қонның айырымы -1144 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,5% және 87,3% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,2% азайып, 67339 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,6% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (6584 адам) қаласында және Ақмола (421 адам), Қостанай (324 адам), Павлодар (237 адам), Маңғыстау (210 адам), Атырау (46 адам), Батыс-Қазақстан (43 адам) облыстарында қалыптасты. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!