Жамбыл облысында алтын өндіретін зауыттың құрылысы басталмақ

Фотография - Жамбыл облысында алтын өндіретін зауыттың құрылысы басталмақ

Жобаның бастамашысы – "Алатау–Кордай" ЖШС-сі. Жалпы құны 1692,2 млн. теңгені құрайды.

276 0

Жамбыл облысында жуырда алтын өндіру шағын зауытының құрылысы басталады. Кәсіпорын 1500 кг алтын өндіретін болады. 

Зауыт қызметінің негізгі бағыты 75%-дық алтын-күміс концентратын алумен алтын қоспасы бар кендерді байыту және қайта өңдеу болып табылады.

Ол Қордай ауданы Қырғау кен орнында игеру базасының негізінде жүзеге асырылады.

Жоба 2015 жылдан бастап индустриялық - инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылуда.
Жобаның бастамашысы – "Алатау–Кордай" ЖШС-сі. Жалпы құны 1692,2 млн. теңгені құрайды.
Бүгінде Қырғау кен орнын барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар дайындалған. "Казюжгипроводстройпроект" арқылы инфрақұрылымды құруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін келісім-шарт жасалды.
Ал, 28 га аумағына зауыт құрылысын жүргізу үшін жер пайдалану құқығын алуға құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Кәсіпорынның құрылыс жұмыстарына ондаған адам тартылып, қосылған соң 48-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!