Депутат Мұхамедиұлынан шенеуніктерге жаттығу жасаудың пайдасы туралы сұрады

Фотография - Депутат Мұхамедиұлынан шенеуніктерге жаттығу жасаудың пайдасы туралы сұрады

Қазақстанда әрбірі бесінші баланың дерті бар

535 0

ҚР парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова үкіметтік сағат барысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан мемлекеттік қызметкерлер үшін таңғы жаттығудың пайдасы туралы сұрады, деп жазады Today.kz.

"Кеңес үкіметі кезінде кәсіподақтар болған және гимнастикаға көп көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде таңнан кешке дейін жұмыс атқарушыларға пайдасын тигізген. Сіз қалай ойлайсыз, егер біз физикалық жаттығуларды қызметкерлерісміз үшін ендірсек, қызмектерлеріміздің ісі өне ме?" – деді депутат.

Министр жұмыстан бұрынғы таңғы жаттығу жасау шешімі жеке адамның өзі қабылдағаны жөн болатындығын айтты. Дегенмен министр бұл сұрақ жөнінде ойланатаындығын жеткізді.

Естеріңізге салсақ, 18 сәуір күні үкіметтік сағат барысынды мәдениет және спорт министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның ауылдық жерлерінде сопрттық шаралар жиі өткізіле бастағанын, бірақ, мұнымен қоса ауылдарда спортзалдар жетіспейтіндігін жеткізді. Депутаттармен кездесу барысында министр спорт залдарына баруға жеңілдік берілетін азаматтар тізімін оқып берді. Сонымен бірге ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша департамент төрағасы Гүлнар Исканова Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір ауруға шалдыққанын, ал әскерге шақырушылардың әрбір үшіншісі әскер қатарында болуға жарамсыз екендігін айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!