Алматы облысында туризмді дамыту аясында 11 жоба жүзеге асырылуда

Фотография - Алматы облысында туризмді дамыту аясында 11 жоба жүзеге асырылуда

Әкімнің айтуынша, жалпы 233 млрд. теңге сомасына барлығы 11 жоба жүзеге асырылып жатыр екен

296 0

Бұл туралы "Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.  

"Ұлт жоспарының 57-қадам шеңберінде туризм саласында стратегиялық инвесторлар тартуға қатысты "зәкірлі" жобалар тізіміне "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығы кірді. Инвесторы – сингапурлық "Steppe Capital". Учаске алаңы 800 га, оның ішінде жоба іске асырылатын жер – 170 га. Жобаның құны – 90 млрд.теңге. Жобаны жүзеге асыру аясында Талғар ауданында "Ақбұлақ" шипажай-сауықтыру кешеніне апаратын "Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой-Ақбұлақ" автожолының құрылысы жүргізілуде. Алакөл көлінде жағажай және сауықтыру туризмін дамыту үшін "Falcon Petroleum", "AQUAMARINE resort" ЖШС, "Каримов" ЖК инвесторлары тартылды, олар 400 орынды бес жұлдызды қонақ үй және 500, 300 орынды қонақ үй кешендерін салуда",– дейді А. Баталов.

Әкімнің айтуынша, жалпы  233 млрд. теңге сомасына барлығы 11 жоба жүзеге асырылып жатыр екен.

"Туристерді жайлы жеткізу үшін "Алматы-Жетіген-Ақши-Достық" теміржол қатынасы жұмыс жасайды. Ол жергілікті бюджеттен субсидияланады. Биылғы жылы Үшарал қаласында әуежай құрылысы басталады.Алакөл көліндегі демалыс базаларына 600 млн.теңгеге 93,8 шақырым электр жеткізу желілері тартылды, 1,9 млрд.теңгеге ұзындығы 23,8 шақырым автомобиль жолдарын қайта жаңғырту аяқталуда.Сондай-ақ Ақши ауылында туристерге қызмет көрсету үшін заманауи құралдармен және реанимобильмен жарақтандырылған дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жүргізілуде.Облыста жалпы 233 млрд. теңге сомасына барлығы 11 жоба жүзеге асырылып жатыр", –дейді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!