Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фотография - Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды

337 0

Елбасы бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған "Лотерея және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Елбасы "Лотерея және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысы "2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!